UFC ұйымы P4P рейтингін жаңартты
UFC ұйымы UFC 333 турнирінен кейін салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлердің ресми рейтингін (Pound-for-Pound, P4P) жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингтің көш басында жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Ислам Махачев қалды.
Екінші орынға жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион, австралиялық Александр Волкановски жайғасты. Ол UFC 333 турнирінде ресейлік Мовсар Евлоевты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғады.
Ал грузиялық Мераб Двалишвилиді жеңген Петр Ян төртінші орыннан үшінші сатыға көтеріліп, америкалық Джастин Гэтжиден озып кетті.
Рейтингте төртінші орынды жеңіл салмақтағы чемпион Джастин Гэтжи иеленсе, үздік бестікті испаниялық Илия Топурия түйіндеді.
Гэтжи 14 маусымда Вашингтондағы Ақ үй аумағында өткен UFC Freedom 250 турнирінде жеңіл салмақтың чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын. Ол Илия Топурияны төртінші раундтан кейін техникалық нокаутпен жеңіп, испаниялық файтердің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне себепші болды.
Бұған дейін Топурия бірде-бір жекпе-жекте жеңіліп көрмеген еді. Сондай-ақ ол UFC-де жеңіл және жартылай жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерге ие болған.