UFC 333 турнирінің толық файткарды белгілі болды
24 қазанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында UFC 333 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің басталуы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған. Ал негізгі кард 23:00-де басталады.
Кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Александр Волкановски дивизион рейтингінде бірінші орында тұрған, жеңіліп көрмеген Мовсар Евлоевпен кездеседі.
UFC 333 турнирінің толық файткарды:
• Александр Волкановски – Мовсар Евлоев
• Петр Ян – Мераб Двалишвили
• Лонир Кавана – Рамазан Темиров
• Александр Волков – Ризван Куниев
• Аарон Пико – Лосене Кейта
• Азамат Мурзаканов – Доминик Рейес
• Никита Крылов – Абдул-Рахман Яхьяев
• Абусупьян Магомедов – Кэмерон Роустон
• Грант Доусон – Нурулло Алиев
• Колби Тикнесс – Асаф Чопуров
• Абубакар Вагаев – Джейкоб Малкун
• Боладжи Оки – Даниэль Сантос
• Коди Стил – Ноа Гуньон
• Ясмин Лусиндо – Николь Кальяри