Алекс Перейра хейтерлерін өзі бұғаттайтынын айтт

Алекс Перейра хейтерлерін өзі бұғаттайтынын айтт

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Алекс Перейра әлеуметтік желідегі парақшаларын өзі бақылап,  қажетсіз драма тудыратын қолданушыларды еш ойланбастан бұғаттайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

39 жастағы бразилиялық интернеттегі жағымсыз пікірлермен өзі айналысқанды жөн көретінін жеткізді. Оның айтуынша, мұнымен тіпті ұшақта келе жатып та айналыса алады.

«Уақытым болса, хейтерлерді әлеуметтік желіде өзім қара тізімге енгіземін. Ұшақта интернет болып, ұйқым келмесе, отырып алып, осындай адамдарды бұғаттаймын. Маған дүрбелең мен драма тудыратын адамдардың қажеті жоқ. Егер олар өздері кетпесе, мен бұғаттаймын», — деді Перейра.

Қазір бразилиялық файтердің назары ауыр салмақтағы мансабын жалғастыруға ауып отыр. Ол соңғы жекпе-жегінде уақытша чемпиондық белбеу үшін Сирил Ганмен кездескенімен, Ақ үйде өткен турнирде француз спортшысына есе жіберді.

Жеңілістен кейін Перейра ауыр салмақта қалуға ниетті және Ганмен қайта кездесуді талап етіп отыр. Бразилиялық файтер қарсыласы жекпе-жек барысында желкеге тыйым салынған соққылар жасап, бұл жекпе-жектің нәтижесіне әсер етті деп санайды.

Өз кезегінде Ган да бразилиялықпен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или