UFC президенті Нганнудың оралуы туралы пікір білдірді
UFC президенті Дана Уайт Джон Джонспен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс айтылғанына қарамастан, Фрэнсис Нганнудың UFC-ге оралуын қарастырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
UFC-дің ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Джон Джонсқа ықтимал қарсылас ретінде ұсынылған. Алайда промоушен басшысы бұл жекпе-жекке қызығушылық танытпайтынын айтты.
«Фрэнсис Нганну мен оның жұмыс істеген басқа ұйымдарының тарихына қараңыздар. Ол жаман адам. Мен жаман адамдармен жұмыс істегім келмейді», — деді Уайт Nightcap Show подкастында.
40 жастағы Нганну UFC-ден ауыр салмақ чемпионы мәртебесінде кеткен. Камерундық спортшының MMA-дегі рекорды — 19 жеңіс және 3 жеңіліс. Оның 18 жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған. Нганну соңғы сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.