«Барыс» пен «Салават Юлаев» матчында ерекше сәт орын алды

«Барыс» пен «Салават Юлаев» матчында ерекше сәт орын алды

ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчта «Барыс» жанкүйерлерін нәтижелі ойынымен қуантты. Астаналық клуб өз алаңында «Салават Юлаевты» 8:6 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұндай сирек есеп Құрлықтық хоккей лигасының тарихында үшінші рет тіркеліп отыр. Оның үстіне «Барыс» бұған дейін де дәл осындай есеппен жеңіске жеткен. 2013 жылғы 7 қаңтарда қазақстандық клуб Новокузнецктің «Металлургінен» 8:6 есебімен басым түскен.

Есептің дәл осылай аяқталған тағы бір матч 2025 жылғы 2 ақпанда өтті. Сол ойында «Северсталь» нәтижелі кездесуде мәскеулік «Спартакты» 8:6 есебімен жеңді.

Осылайша, Астанадағы матч ҚХЛ тарихында 14 шайба соғылып, 8:6 есебімен аяқталған үшінші ойын болды.

Еске салайық, «Барыс» биылғы маусымдағы алғашқы матчын да нәтижелі өткізген. Михаил Кравец шәкірттері «Сібірді» 7:1 есебімен ойсырата жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или