«Барыстың» экс-бапкері Шепард туралы пікір білдірді
«Барыстың» қақпашылар бойынша бұрынғы жаттықтырушысы Олег Ромашко елордалық клубтың жаңа қақпашысы Хантер Шепард туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол NHL жүйесінен келді. NHL-де де бірнеше ойын өткізген. Оны «Вашингтон Кэпиталз» сапында жүрген кезінен білемін, фарм-клубта ойнады. Меніңше, ол өте қимыл-қозғалысы ширақ, ойынға белсенді араласатын қақпашы. Көптеген америкалық қақпашылар сияқты робот емес. Оның қалай бейімделетінін көре жатармыз. Біріншіден, хоккейге, екіншіден, өмірге қаншалықты тез бейімделетіні маңызды. Осында өзін қаншалықты аша алатыны және көрсете алатыны да маңызды. Өйткені мұндағы хоккей АХЛ-дегіден өзгеше. Сондықтан уақыт көрсетеді», – деді Ромашко.
Айта кетейік, Шепард 2025/26 жылғы ҚХЛ тұрақты чемпионатында екі матч өткізді. Қақпашының соққы қайтару көрсеткіші – 89,9 пайыз, ал сенімділік коэффициенті – 3,5.