«Испанчик» кезекті жеңісіне қол жеткізді,

«Испанчик» кезекті жеңісіне қол жеткізді,

Қазақстанда өткен OCTAGON 88 турнирінде өзбекстандық файтер әрі блогер Бобиржон «Испанчик» Исроилов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Исроилов түрікменстандық Езиз Дурдоевпен кездесті. Бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген өзбекстандық спортшы үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, OCTAGON 88 турнирінің басты жекпе-жегінде уақытша BMF белбеуі үшін тәжікстандық Камариддин Хасанов пен өзбекстандық Одилхон Камолов кездеседі. Ал ко-мейн ивентте қазақстандық Нұржан Ақышев өзбекстандық Бобур Абдулазизовпен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или