Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш додада Қазақстанның ерлер құрамасы қылыш сайысында қола жүлдеге ие болды.

Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде жігіттеріміз Қытай құрамасын 45:44 есебімен жеңді.

Команда құрамында: Артем Саркисян, Жанат Набиев, Назарбай Саттархан және Нұрмұхаммед Жайлыбай өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші жүлдемен толықты. Бұған дейін алтынды сапы бәсекесінде Ирина Бакалдина алса, ал қолаға дәл осы бағдарламада Руслан Курбанов қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 24 маусымда аяқталады.

Семсерлесуден Азия чемпионатында Руслан Курбанов қола жүлде еншіледі

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатындағы алғашқы медалін еншіледі

Қазақстандық триатлоншы Азия кубогында қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или