Семсерлесуден Азия чемпионаты: Руслан Курбанов қола медаль жеңіп алды

Семсерлесуден Азия чемпионаты: Руслан Курбанов қола медаль жеңіп алды

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Руслан Курбанов жекелей сында үздік үштікті түйіндеді. Ол жартылай финалда тайпейлік Ранг Лимен аса тартысты кездесу өткізіп, 12:15 есебімен жол берді.

Осылайша, Руслан Курбанов семсерлесуден ең көп жүлде жеңіп алған қазақстандық спортшы атанды. Ол бүгін Азия чемпионатында жекелей сындағы өзінің үшінші медалін жеңіп алды. 2017 жылы Гонконгта алтын, ал 2019 жылы Чибада қола медаль жеңген еді.

Бұған қоса, оның қоржынында Азия чемпионатының командалық сындарында қол жеткізген 10 медалі бар.

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында екінші орын алды

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатындағы алғашқы медалін еншіледі

Қазақстандық триатлоншы Азия кубогында қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или