Джонс пен Кормье күрес түрінде кездесу өткізеді
Аралас жекпе-жектен бұрынғы UFC чемпиондары Джон және Кормье ресейлік грэпплинг лигасында күрес ережесі бойынша жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйым өкілдерінің мәліметінше, екі спортшының қатысуы шамамен келісілген және ресми түрде бекіту жұмыстары аяқталуға жақын. Кездесу грэпплинг форматында өтеді деп жоспарланып отыр.
Джонс пен Кормье бұрын UFC октагонында екі рет кездескен. Бірінші жекпе-жекте Джонс төрешілер шешімімен жеңсе, екінші кездесуде нокаутпен басым түскен. Алайда кейін допинг сынамасына байланысты сол жеңіс есептен шығарылған.
Айта кетелік, қос спортшы да UFC тарихында жартылай ауыр және ауыр салмақта чемпион атанған танымал тұлғалар ретінде белгілі.
Жалғас Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады