Қазақстандық файтерге бразилиялық қарсылас бұйырды

Қазақстандық файтерге бразилиялық қарсылас бұйырды

Қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмахан келесі жекпе-жегін 27 маусымда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айқас Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирі аясында ұйымдастырылады. Қарсыласы — бразилиялық Жан Мацумото. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді және Baku Crystal Hall аренасында болады.

Мацумотоның рекорды — 17 жеңіс және 2 жеңіліс. Ол Алмаханнан екі жас кіші, бойы сәл аласа, бірақ мерзімінен бұрын жеңістер саны бойынша көрсеткіштері шамалас.

Алмахан UFC-дегі үш жекпе-жек өткізген. 2024 жылдың 2 наурызында ол дебютінде Умар Нурмагомедовке төрешілер шешімімен жеңілді, бірақ бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген. 2025 жылдың 10 мамырында Брэд Катонаны 64 секундта нокаутпен жеңіп, алғашқы жеңісіне жетті. Ал 2025 жылдың 22 қарашасында Александр Топурияға төрешілер шешімімен есе жіберді.

Қазіргі таңда қазақстандық файтердің UFC-мен келісімшарты бойынша бір жекпе-жегі ғана қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или