Рыбакина мойнындағы жарақатына байланысты мәлімдеме жасады

Рыбакина мойнындағы жарақатына байланысты мәлімдеме жасады

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) баспасөз қызметі әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Токиодағы WTA-500 турнирінің ширек финалынан бас тартуына қатысты мәлімдемесін жариялады. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 23-орында тұрған канадалық Лейла Фернандес болуы керек еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке қарай, алдағы матчқа қатыса алмайтынымды хабарлауға мәжбүрмін. Мойным ауырып, қабыну пайда болды. Бұл толық күшіммен ойнауыма кедергі келтірді. Мұндай шешім қабылдау оңай болған жоқ. Маған бұл турнирде өнер көрсету ұнайды, жанкүйерлердің ерекше қолдауын жоғары бағалаймын. Келесі жылы қайта ораламын деп үміттенемін. Түсіністік пен қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет», – делінген Рыбакинаның мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін 27 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда Юлия Путинцеваны жеңіп, 2026 жылғы маусымды WTA рейтингінің бірінші сатысында аяқтайтынына кепілдік берген еді.

Енді жанкүйерлер мен жаттықтырушылар штабының басты назары Рыбакинаның қалпына келуіне және WTA қорытынды турниріне дайындығына аударылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама