Ұлттық құраманы баптауы мүмкін маманның есімі белгілі болды

Ұлттық құраманы баптауы мүмкін маманның есімі белгілі болды

Қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz

Қайрат Нұрдәулетов 2016 жылы футболшы мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметін Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында бастап, бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. Кейін Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметін атқарды, Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасын (U-21) жаттықтырды. Сондай-ақ «Мақтаарал», «Жетісу», «Ертіс» және «Оқжетпес» клубтарының бас бапкері болды.

Осы жылдың басында 43 жастағы маман талдықорғандық «Жетісу» клубына қайта оралды. Оның жетекшілігімен команда 15 матчта 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр.

«Қайсар» командасының құрамына «Крузейро» түлегі қосылады

«Елімай» командасына сербиялық қорғаушы қосылады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или