Македониялық функционер Атанасов жайлы: Дарынды құрама ойыншысы

Македониялық функционер Атанасов жайлы: Дарынды құрама ойыншысы

Солтүстік Македония жастар құрамасының директоры Игор Митрески ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Ақтөбе» клубының жаңа ойыншысы Яни Атанасовтың қасиеттері туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Атанасов – ұлттық құрама намысын қорғайтын жақсы, дарынды ойыншы. Негізгі құрамда әрдайым шыға бермеуі мүмкін, бірақ менің соңғы екі-үш жылда көргенімнен – тірек жартылай қорғаушысы ретінде өзін өте жақсы көрсете біледі. Ол «Ақтөбені» күшейтуі тиіс мінезді жігіт.
Янидің Жуковпен қайта қосылғаны үлкен плюс болды. Басқа елге келіп, бұрын бірге ойнаған серігіңді кездестірсең, бұл бейімделуге көмектеседі. Қазір оған бабын жақсартып, Тарковичтің талаптарын түсіну үшін тура бір-екі ай уақыт керек», – деді 47 жастағы маман.

Еске сала кетейік, осы жазда «Ақтөбе» 26 жастағы Яни Атанасовпен келісімшартқа отырған болатын. Македониялық жартылай қорғаушы «Астанаға» қарсы дебюттік матчында (2:0) нәтижелі паспен көзге түсті. Бұған дейін ол грекиялық АЕЛ клубында өнер көрсеткен.

2025 жылы «ақ-қызылдардың» футболшысы польшалық «Пуща» сапында Георгий Жуковпен бірге сегіз кездесу өткізген. Сондай-ақ, әлем чемпионатының іріктеуінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнаған (1:0).


«Елімай» командасына сербиялық қорғаушы қосылады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или