«Жетісу» «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді
Талдықорғандық «Жетісу» Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңіп, екі айға созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтағы жалғыз голды бірінші таймның соңында Асхат Балтабеков соқты. Осылайша, талдықорғандық клуб соңғы екі айдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетелік, аталмыш жеңіс «Жетісудың» кестегі деңгейін жақсартуға мүмкіндік берсе, «Ақтөбе» сырт алаңдағы маңызды ұпайлардан құр қалды. Талдықорғандық жанкүйерлер үшін бұл маусымдағы ең маңызды жеңістердің бірі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или