Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарсыластары анықталады. Тікелей эфир
Бүгін, 16 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында жаңа еурокубок маусымының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еурокубоктың 2026/27 маусымында Қазақстан намысын төрт клуб қорғайтын болады.
Чемпиондар лигасы іріктеуін бірінші кезеңнен бастайтын алматылық «Қайрат» төменде көрсетілген жеті клубтың біріне қарсы ойнауы мүмкін. Қарсыластар қатарында Болгарияның «Левски», Литваның «Кауно Жальгирис», Черногорияның «Сутьеска», Венгрияның «Дьёр ЭТО», Албанияның «Эгнатия», Беларусьтің «МЛ Витебск» және Люксембургтің «Атерт Биссен» клубтары бар.
Бұл турнирдің іріктеу кезеңі Қазақстан уақытымен 19:00-ге жоспарланған және оны мына сілтеме арқылы тікелей эфирден көруге болады.
Еске салсақ, өткен маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсеткен болатын.
Ал «Тобыл», «Астана» және «Елімай» Конференция лигасында сынға түсетін болады.
Жаңартылған тізім бойынша, «Астанаға» Солтүстік Македонияның «Силексі», Албанияның «Динамо» Тиранасы, Сан-Мариноның «Виртусы», Черногорияның «Морнары» немесе Мальтаның «Марсашлокк» клубы қарсылас атануы мүмкін.
Ал семейлік «Елімай» Молдованың «Милсами», Литваның «Жальгирис», Әзербайжанның «Зиря», Арменияның «Алашкерт» немесе Беларусьтің БАТЭ клубтарының бірімен кездесуі ықтимал.
Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады және оны мына сілтеме арқылы тікелей эфирден көруге болады.
Айта кетейік, қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Жас қазақстандықтарға Еуропадан қызығушылық бар
Қазақстан құрамасы он футболшымен Венгрияға есе жіберді
Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті