Жастарымыз Еуропаға жол тартуы мүмкін

Жастарымыз Еуропаға жол тартуы мүмкін

AV Scouting Еуропалық скаутинг компаниясы басшысы және жоғары лигалардағы клубтармен жұмыс істеуімен танымал Алекс Великих Prosports.kz сайтына Еуропадағы жас қазақстандық таланттарға деген қызығушылық деңгейі туралы сұраққа жауап берді.

«Қазақстанның кейбір жас ойыншылары, Еуропаның жетекші клубтарындағы мамандардың назарын аударды. Әсіресе, еурокубоктарда ойнаған футболшыларға қызығушылық бар. Менің ойымша, қазір, трансферлік терезе ашылуы қарсаңында, есімдерді атау орынсыз болар еді, сондықтан жауаптарды трансферлік белсенділік пен оның нәтижелеріне қалдырамыз», - деді сарапшы.

Айта кету керек, 12 тамызда 18 жасқа толатын «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жақын арада «Челсиге» ауысады.


Қазақстан құрамасы он футболшымен Венгрияға есе жіберді

Ең көп гол, үздік сұрмерген. Қазақстан U19 өз тобында нәтижелі өнер көрсетті

Қазақстан жастары Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласты жалғастырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или