Қазақстан жастары соңғы турда сәтсіз ойнады

Қазақстан жастары соңғы турда сәтсіз ойнады

Қазақстан U19 құрамасы 2027 жылғы Еуропа футбол чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінде Грекиямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

А6 тобындағы үшінші тур матчында Грекияның Салоники қаласындағы Тумба стадионында өтіп, Қазақстан құрамасы 2-4 есебімен жеңіліп қалды. Грекия құрамасы сапынан Николаос Аврамулис (32-минут), Димитриос Бердос (41 және 52-минуттар) және Антониос Аретис (50-минуттар) гол соқты. Қазақстан қатарынан Исмаил Бекболат (77-минут) және Аламгир Смақов (84-минуттар) мергендігімен көзге түсті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Португалиямен (1-1) тең ойнап, Сербияны (3-1) жеңген болатын. Осы нәтижелерінің арқасында Қазақстан құрамасы екінші іріктеу кезеңіне бұл матч алдында жолдама алған еді. 


Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжанды жеңді

Венгрия — Қазақстан жолдастық матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Армениямен тең тарқасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или