Тікелей көрсетілім. Қазақстан U19 — Грекия U19 матчы
Сейсенбі, 9 маусымда Қазақстан U19 құрамасы 2027 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Грекия құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грекия мен Қазақстан арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 20:00-де басталады және осы сілтемеден көруге болады.
Екі турдан кейін Қазақстан күтпеген жерден алтыншы іріктеу тобында көш бастап тұр. Команда турнирді сәтті бастады, алдымен Португалиямен 1-1 есебімен тең ойнады, содан кейін Сербияны 3-1 есебімен сенімді түрде жеңді. Осы нәтижелердің арқасында біздің команда екінші іріктеу кезеңіне ерте жолдама алды.
6-топтағы турнир кестесі:
Қазақстан — 4 ұпай
Сербия — 3 ұпай
Португалия — 2 ұпай
Грекия — 1 ұпай
Қазақстан U-16 құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстан құрамасы Венгриямен матч алдында жаттығу өткізді
Қазақстан жастары Еуропа чемпионатының іріктеу тобында көш бастады