«Номад» ЖХЛ чемпионатына қатыспайды
Астаналық «Номад» клубы жақын арадағы ЖХЛ чемпионатына қатыспайты болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық команданың ЖХЛ құрамына қайта қосылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Алайда жағдайға жақын дереккөз бұл мәліметтің расталмағанын хабарлады.
Еске салсақ, «Номад» бұған дейін 2019-2020 жылғы маусымда ВХЛ чемпионатында өнер көрсеткен. Команда тұрақты маусымды толық өткізгенімен, коронавирус пандемиясына байланысты турнир мерзімінен бұрын аяқталған болатын.
Айта кетелік, осы маусымда елордалық клуб «Шығыс» конференциясында 14-орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады. Кейін пандемия салдарынан команда Қазақстан чемпионатына қайта оралған болатын.
Әлем чемпионаты: Дания — Словакия матчының тікелей трансляциясы