Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан су добынан алтын медаль еншілеуі мүмкін

Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан су добынан алтын медаль еншілеуі мүмкін

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары аясында (Санья, Қытай) екінші жеңісіне қол жеткізіп, алтын жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші кездесуде отандастарымыз Қытай құрамасына қарсы ойнайды. Команданың бас бапкері Андрей Сазыкин Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Гонконгқа қарсы ойынға баға беріп, бірінші орын үшін күресуге дайын екенін айтты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Гонконгты 3:1 есебімен жеңді. Соңғы ойын алдында біздің команда мен Қытай құрамасының еншісінде екі жеңістен бар.  Бұған дейін біздің команда Таиландты да жеңген болатын.

Айта кетейік, 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында әйелдер арасындағы су добы жарысына төрт команда қатысуда. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді. Яғни әр команда бір-бірімен ойнайды. Жүлдегерлер барлық кездесудің қорытындысы бойынша анықталады.

"Тағы да жақсы нәтиже көрсеттік. Гонконгты жеңдік. Қорытынды есеп – 3:1. Дегенмен 3:0 есебімен ұтсақ деген ой болды, бірақ ол жүзеге аспады.

Үшінші кезеңде сәл босаңсып, басымдықты қарсыласқа беріп қойдық. Ойын барысында кей тұстарда команда ішінде түсініспеушіліктер байқалды. Ертеңгі матчта мұндайға жол бермеуге тырысамыз, себебі салқынқандылық өте маңызды. Алтынға мүмкіндік әрқашан бар. Қытай құрамасының ойынын талдаймыз. Бүгін олар бізден кейін ойнады, сол матчты көрдім. Енді сараптап, тактикалық шешімдер іздейміз.

Жалпы алғанда, жүлдені қамтамасыз етіп қойдық. Ал ертең алтын медаль үшін бар күшімізді саламыз. Неге алтын алмасқа? Алаң шағын, доп біреу - жағдай бәріне бірдей. Оның үстіне, кез келген команда қателесуі мүмкін. Бұл Азиадада ойынның барысын болжау қиын: кейде бір минуттың ішінде-ақ бәрі өзгеріп кетеді", - деді маман.

Айта кетейік, Қытайға қарсы кездесу 24 сәуір күні өтеді. Ойын 14:00-де басталады.

Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или